Қыс мерзімінде халыққа жаднама/Памятка населению в зимний период » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№29 қосымша білім беретін мектеп-орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение
"Школа–центр дополнительного образования №29"
акимата города Усть-Каменогорска
Приемная:
+7 (7232) 52-09-76
Бухгалтерия:
+7 (7232) 52-09-76
Версия
для слабовидящих
» » » Қыс мерзімінде халыққа жаднама/Памятка населению в зимний период
25
ноябрь
2024

Қыс мерзімінде халыққа жаднама/Памятка населению в зимний период

Қыс мерзімінде халыққа жаднама


Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлайды:

бұрқасынды және қардың қалың түсуін күту кезінде, халыққа мүмкіндігінше  көшеде жүруді шектеу, балаларды тек үлкендердің қарауында ғана   жіберу ұсынылады.

Қыс кезінде жолға шығар алдында метерологиялық ақпаратты тыңдап, ауа-райының өзгерісіне назар аударыңыз.

Түнде ауа-райының күрт жылынуынан жаппай қардың еруі мен қар көшкініне әкеп соқтыруын күту кезінде, қар көшкіні болатын тауларға немесе сол  аудандардағы демалыс орындарына алыс жорықтарға шықпау ұсынылады.

Жылдамдығы 25-30 м/сек жететін желді күту кезінде, халыққа қауіпсіздік шараларын қолдану ұсынылады: төбеден, лоджиядан, балконнан жел соққан кезде ұшып кететін заттарды алып тастау; өндірісте сыртта жасалатын барлық жұмыстарды тоқтату. Ғимараттан тек қажет болған жағдайда ғана шығу, бірақта жалғыз шықпау.

300-450 С дейін күрт суытатын аязды, көктайғақты күту кезінде; халыққа көшелерде жүріп - тұруды шектеу, әсіресе жүргінші жолдарында аса сақ болу ұсынылады.


Қардың көп жаууы және сүңгілер!


Сүңгілерден сақ болыңыздар — бұл туралы Өскемен қаласының ТЖ басқармасы ескертеді. Қардың көптеп жаууы және жылы ауа-райы (аяздар) үйлердің төбесінде үлкен сүңгі түрінде мұздың қатып қалуына әкеп соқтырады. Құлау кезінде олар жүргіншілерді жарақаттауы мүмкін. Сонымен қатар, төбеден қар құлау қаупі бар. 

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, Өскемен қаласы ТЖБ-ның мамандары қала тұрғындарына ғимараттардың, үйлер төбелерінің астынан жүргенде байқап өтулеріне кеңес береді. Жарақаттанудың алдын алу үшін, ересектерге балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады. 

 Сүңгілердің пайда болуының алдын алу үшін, төбелерді қардан үнемі тазалап тұру қажет. Мұздықтың және қардың түсуінен, төбенің құлауынан адам өліміне әкеп соқтыратын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, тұрғын - үй ұйымдары өз тарапынан сүңгілердің (мұздықтардың) құлауы мүмкін қауіпті учаскелерді қоршау, сонымен қатар ғимараттардың төбесін қардан тазалау бойынша шара қолданулары қажет.

Өскемен қаласының ТЖ басқармасы қала тұрғындарынан ірі мұз кесегінің немесе қардың түсуіне байланысты ғимараттардың қабырғасына жақын жүрмеулеріңізді, өте сақ және ұқыпты болуларыңызды талап етеді.











Қысқы кезеңде суайдындағы қауіпсіздік қағидалары


         Суық түсісімен өзендер, көлдер қата бастағанда, тайғанақ мұздың бетіне шығуға  балалар мен жастар, балық аулаушылар ұмтыла бастайды.

            Әсіресе балалар абайсыз болады. Бірақта үлкендер де мұзға түсіп кету қаупімен санаспай жатады. Құмарлыққа салынған балықшылар сақтық шараларын елемей жұқа мұз бетіне шығып өз өмірлерін қауіпті жағдайға әкеліп соқтырады.

            Ең алғашқы мұзды, сырғанақ тебу және өткел үшін қолдануға болмайды – алғашқы мұз жұқа, осал болады және адам салмағын көтермейді!

            Суайдынның мұзының белгіленбеген жерлерінен өту өміріңіз үшін қауіп төндіреді. Сондықтан да жағадан мұзға шығатын жолды көрсететін белгісі бар және рұқсат етілген жерден өту керек. Тек салынған жолмен ғана жүріп, шетіне шығып кетуге мүлде болмайды.

            Азаматтар суайдын арқылы өтуге болмайтынын білулері және естен шығармаулары керек! Мұздың мықтылығын аяқпен теуіп тексеру қауіпті. Мұз үстіндегі қозғалыс кезінде қалың қар басқан телімдерді және қауіпті жерлерді айналып өту керек.

            Қалыңдығы 7 см кем емес және жасылғылтым немесе көкшіл түсті мұз, өту үшін қауіпсіз болады. 

            Суайдындағы мұз тек қыстағы толық мұз қату кезеңінде ғана мықты болады. Бірақта бұл кезеңде де сырғанақ тебу және өткел үшін қауіпті орындар болады.

            Оларға: өзеннің қатты ағысымен, жер асты суларының жоғарыға шығуынан, өнеркәсіп кәсіпорындарынан шығатын жылы сулардан пайда болған ойықтар мен шұқанақтар, балықшылардың шұңқырлары жатады.

            Су астынан балық аулаушылар үшін сақтық шаралары: 

-қатар-қатар бірнеше шұңқыр қазуға болмайды;

-бір жерде көп топ болып жиналу қауіпті;

-шұқанақтың қасында балық аулауға болмайды;

-міндетті түрде 12-15 метрлік арқан алып жүру керек.

Егер сіз суға түсіп кетсеңіз: онда барлық ауыр киімдерден арылу және мұз бетінде ұстанып тұрып қатты мұзға шығуға тырысу керек.

Мұз астына түсіп кеткен адамға көмек көрсеткен кезде, өзіңіз қайғыға тап болмас үшін оған түрегеп тұрып жақындауға болмайды, аяқ-қолдарыңызды жан-жаққа жайып, жатқан күйде жақындау керек. Егер қол астыңызда ұзын ағаш, тақтай, арқан немесе басқа да заттар болса, оларды көмек көрсету үшін қолдану керек. Ал егерде ештеңе жоқ болса, онда белбеуді, шарфты, куртканы қолдануға болады.

Бірақта кейде көмек көрсету үшін ешқандай да зат болмай қалатын жағдайлар болады. Ондай кезде бірнеше адам мұзға жатып, бір-бірінің аяқтарынан ұстап тіркесіп зардап шегушіге жақындайды, ал бірінші адам белбеуді, арқанды және т.б заттарды зардап шегушіге береді.

Зардап шегушіге тез арада құрғақ аяқ киім және киімдер кигізіп, тәтті бірдеңе жегізу, ыстық шәй беру және оны қатты қимылдаттыру; оны мүмкіндігінше тезірек жылы жайға апару қажет. 

Ешқашанда ішімдік беруге болмайды – бұл жағдай өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.   

Ең бастысы – салқынқандылық таныту керек, өйткені тіпті жүзе білмейтін адам да киімнің астында пайда болған ауа жастықшасының әсерінен су бетінде біразғана уақыт тұра алады. Сонымен қатар суық суда қолдарыңыз қатып, киімдеріңіз су болып  қалмау үшін тезірек қимылдау қажет.

10-15 минут мұзды суық суда болу өміріңіз үшін қауіпті!

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Уақтылы қолданған мұздағы қауіпсіздік шаралары Сізді қайғылы жағдайдан сақтайды!


Памятка населению в зимний период

 Управление по чрезвычайным ситуациям города Усть-Каменогорск сообщает:

- при ожидании обильного снегопада и метелей, рекомендуем населению по возможности ограничить передвижение на улице, детей  отпускать только в сопровождении взрослых.

Отправляясь зимой в дорогу, старайтесь следить за изменением погоды, прослушивая метеорологические сводки.

При ожидании резкого потепления ночью, которое может привести к интенсивному снеготаянию и лавинам; рекомендуем отказаться от дальних выходов в горы или отдыха в тех районов, где осуществляются предупредительные спуски лавин.

При ожидании усиление скорости ветра до 25-30 м/сек; рекомендуем населению принять меры безопасности: с крыш, лоджий, балконов убрать предметы, которые порывами ветра могут быть сброшены вниз, на производстве прекратить все наружные работы. Выходить из помещения только в исключительных случаях, причем не в одиночку.

При ожидании резкого похолодания до 300450С мороза, гололёд; рекомендуем населению ограничить передвижения на улицах, особую осторожность следует проявить на проезжей части.


Обильный снегопад и сосульки!


Опасайтесь сосулек — об этом предупреждает Управление по ЧС города Усть-Каменогорск. Обильные снегопады и теплая погода (морозы) приведут к тому, что на крышах домов, зданий образуется наледь в виде больших сосулек. При падении они могут серьезно травмировать прохожих. Кроме того, с крыш возможны сходы снега.      

В целях предупреждения чрезвычайных ситуаций специалисты УЧС города Усть-Каменогорск советуют жителям города быть более внимательными, проходя под крышами домов, зданий. Взрослым рекомендуется провести разъяснительную работу с детьми для предотвращения травматизма. 

Чтобы предотвратить образование сосулек, необходимо регулярно убирать снег с крыши. В целях предупреждения ЧС, связанных с гибелью людей из-за обрушения крыш, схода снега и наледи в свою очередь жилищные организации должны принять меры по очистке снега с крыш зданий, а также оградить опасные участкигде возможно падение сосулек (наледи) и снега

Управление по ЧС города Усть-Каменогорск обращается к жителям города соблюдать предельную осторожность и внимательность, не подходить близко к стенам зданий из-за схода снега или ледяной глыбы.


Правила безопасности на водоемах в зимний период

            С наступлением холодов, когда начинают замерзать реки, озёра,  на скользкую поверхность льда устремляются дети и молодёж, рыболовы.

Особенно неосторожны бывают дети. Но и взрослые люди не всегда считаются с опасностью провала на льду. Рыбаки, пребывая в азарте, пренебрегают мерами предосторожности и выходят на тонкий лёд, тем самым подвергая свою жизнь смертельной опасности.

Нельзя использовать первый лед для катания и переходов - первый лёд тонкий, непрочный и тяжести человека не выдерживает!

Переход водоемов по льду в необозначенных местах всегда связан с риском для жизни. Поэтому переходить можно только там, где разрешён переход и имеются указатели входа с берега на лёд, обозначающие трассу перехода. При этом следует пользоваться проложенными тропами, ни в коем случае не отклоняться в сторону от установленной трассы.

Гражданам необходимо знать и всегда помнить о том, что переходы через водоемы запрещены!  

Проверять прочность льда ударами ноги опасно. Во время движения по льду следует обходить опасные места и участки, покрытые толстым слоем снега.

Безопасным для перехода считается лед с голубаватым или зеленоватым оттенком и толщиной не менее 7 см.  

Лёд на водоёмах становится прочным лишь в период полного зимнего ледостава. Однако и в этот период немало возникает опасных для катания и переправ мест.

К ним относятся: проруби и промоины, образующиеся быстрым течением рек; подземными ключами, выходящими на поверхность; спусками тёплой воды от промышленных предприятий, рыбацкие лунки.

Меры предосторожности для любителей подледного лова: 

- не следует пробивать несколько лунок рядом; 

- опасно собираться большими группами на одном месте; 

- не ловить рыбу возле промоин; 

- обязательно запастись верёвкой длиной 12-15 метров. 

Если вы оказались в воде: необходимо избавиться ото всех тяжёлых вещей и, удерживаясь на поверхности, постараться выползти на крепкий лёд.

При оказании помощи провалившемуся под лед, нельзя подходить к нему стоя из-за опасности самому попасть в беду, надо приближаться лёжа с раскинутыми в сторону руками и ногами. Хорошо если под рукой имеются длинная палка, доска, верёвка или другие предметы – их надо использовать для оказания помощи. Если же ничего нет – то необходимо обойтись подручными средствами – ремнём, шарфами, курткой. Но могут быть случаи, когда нет никаких подсобных предметов для оказания помощи. В этом случае несколько человек ложатся на лёд и цепочкой продвигаются к пострадавшему, удерживая друг друга за ноги, а первый подаёт пострадавшему ремень, верёвку и т.п.

Пострадавшего надо немедленно переодеть в сухую одежду и обувь, дать съесть что-либо сладкое, напоить горячим чаем и заставить его активно двигаться; необходимо как можно быстрее доставить его в тёплое помещение. 

Ни в коем случае нельзя давать алкоголь -  в подобных случаях это может привести к летальному исходу.

10-15 минут пребывания в ледяной воде опасно для жизни! 

ПОМНИТЕ!

Своевременно принятые меры безопасности на льду предохраняют Вас от беды!