«Жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету туралы АНЫҚТАМА\СПРАВКА о предоставлении государственной услуги
«Жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»
мемлекеттік қызметін көрсету туралы
АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан және жетім балалардан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар және оқушылар мен тәрбиеленушілердің басқа санаттарына мемлекеттік қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінген қаражатты қалыптастыру, жұмсау және есепке алу ережесін бекіту туралы» № 64 Қаулысына, сондай-ақ «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-111 ҚР Заңының 6-бабы 4-тармағының 11) тармақшасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшерін, көздерін, түрлерін және қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес
1-4 сынып оқушылары және келесі әлеуметтік санаттағы оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардың балалары;
3) отбасыларында тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
4) төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардың балалары;
5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары.
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.
Осылайша, 2025 жылғы 20 қарашада ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 29 ҚББМО» КММ-де 1-4 сынып оқушылары саны ____ адам, сондай-ақ 5-11 сынып оқушылары жеке әлеуметтік санаттағы саны 13 адам тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Осы қызметтi алу үшiн 5-11 сынып оқушыларының ата-аналары (заңды өкiлдерi) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi және оқушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжаттардың толық пакетiн тапсырады.
Нәтижесі: Тамақтандыруды ұсыну туралы шешім немесе дәлелді бас тарту.
Аталған шара әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге және барлық балалардың сапалы білім алуы үшін тең жағдайлар жасауға бағытталған.
СПРАВКА
о предоставлении государственной услуги
«Предоставление бесплатного и льготного питания отдельным категориям обучающихся и воспитанников общеобразовательных школ».
В соответствии с Постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 января 2008 года N 64 «Об утверждении Правил формирования, направления и распределения средств на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам организаций образования из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, и детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях, детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций, и иным категориям обучающихся и воспитанников», а также в соответствии с подпунктом 11 пункта 4 статьи 6 Закона РК от 27 июля 2007 № 319-111 «Об образовании», Постановления Правительства РК от 12 марта 2012 года №320 «Об утверждении размеров, источников, видов и Правил предоставления социальной помощи гражданам, которым оказывается социальная помощь»-
Бесплатным горячим питанием обеспечиваются учащиеся 1-4 классов, и учащиеся следующих социальных категорий:
1) дети из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи;
2) дети из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума;
3) дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, проживающие в семьях;
4) дети из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций;
5) иные категории обучающихся и воспитанников, определяемые коллегиальным органом организации образования.
Коллегиальным органом управления организации образования является попечительский совет.
Таким образом на 20 ноября 2025г. в КГУ «ШЦДО29» отдела образования по городу Усть-Каменогорску УО ВКО бесплатным горячим питанием обеспечены учащиеся 1-4 классов в количестве _ человек, а также учащиеся 5-11 классов из отдельных социальных категорий в количестве 13 человек.
Для получения данной услуги родители (законные представители) учащихся 5-11 классов подают заявление установленного образца и полный пакет документов, подтверждающих социальный статус учащегося.
Результат: Решение о предоставлении питания или мотивированный отказ.
Данная мера направлена на обеспечение социальной поддержки и создание равных условий для получения качественного образования всеми детьми.